Қ.Тоқаев Пәкістан премьерімен кездесті

Пәкістан Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі.

Әрі екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс қарқынды дамып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесуде осылай деді. Сондай-ақ Президент Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті одан әрі институционалды тұрғыда дамытуға бағытталған еліміздің бастамаларын қолдағаны үшін Пәкістан Үкіметіне ризашылығын білдірді. Кездесу барысында қос тарап сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмысын жандандыруға мән берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК саммитіне қатысу мақсатында Астанаға келіп, ұйымды одан әрі институционалды тұрғыда дамытуға бағытталған еліміздің бастамаларын қолдағаны үшін Пәкістанның Үкімет басшысына ризашылығын білдірді.

Президент Пәкістанды Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі деп атады. Сонымен қатар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың даму қарқынына көңілі толатынын айтты.