Cаяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Онда мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижесінде дайындалған заңнама бағытындағы негізгі ғылыми тұжырымдар мен ұсынымдар қаралды. Отырыс барысында ғалым-сарапшылар іздестіру экспедициясы мен зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелерін таныстырды. Сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігі, Әділет министрлігі және Президент Архивінің басшылары мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру және заңнамаға ұсыныстар әзірлеу барысын баяндады. Мемлекеттік кеңесші, заңнамалық базаны жетілдіру, баспа қызметін дамыту және Мемлекеттік комиссияның архивтік материалдарын жүйелеу жұмыстарын жалғастыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.