Нұрлан Әуесбаев Қарағандыда колледж ұжымымен кездесті

«Жалпыұлттық социал-демокартиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтның үгіт-насихат жұмыстары бүгін Қарағандыда жалғасты.

Оппозициялық партия өкілі қаладағы колледж оқытушыларымен, студенттермен кездесті. Жиын кезінде партияның бүгінге дейін атқарған жұмыстарына қысқаша тоқталып, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесуге қатысушылар кандидатқа біршама сұрақтар қойып, өздерін толғандырған мәселелерін көтерді.

Нұрлан Әуесбаев, президенттікке кандидат:

- Қарағанды қаласында тұрғындармен, оқытушылармен кездесіп, осында әр түрлі тақырыпта пікір алмасу болды. Сұрақтар болды, тиісті жауаптарын бердік түсінікті болды, түсінді. Келесі жоспар біздің партияның белгілеген жаңа жоспары бойынша біз осы Қазақстанның барлық өңірлерін аралаймыз. Мүмкіндігінше барлығын қамтуға тырысамыз.