Салтанат Тұрсынбекованы қолдау штабының жұмысы қызды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекованың штабы іссапарды шегерді.

Жоспар бойынша кандидат Көкшетау қаласына барып, "Үміт" дағдарыс орталығында іс-шара өткізуі керек еді. Кесте өзгергендіктен бүгін Салтанат Тұрсынбекова өз штабының қызметкерлерімен бірге үгіт-насихат парақтарын тарату жұмысын жүргізді. Алғашқы постерді кандидаттың өзі ілді.

Салтанат Тұрсынбекова, ҚР Президенттігіне кандидат:

- Сайлаулады компаниясының ішіндегі тағы да бір мәні мен маңызы зор күн мен үшін. Осы үгіт-насихатты бастау құжаттарын тарату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мен бүгін бірінші постерді өз қолыммен ілейін деп осы жерге келдім.