Ж.Ходжаев: Қазақстан – Өзбекстанның стратегиялық серіктесі

Өзбекстан – Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық әріптесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 33%-ке өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл да оң динамика сақталып отыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасарларымен кездесуде айтылды. Жамшид Ходжаев пен Журабек Мырзамахмудов мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға үкіметаралық комиссия мен өңіраралық ынтымақтастық форумы елеулі үлес қосқанын атап өтті. Қазақстан Өзбекстанның стратегиялық серіктесі саналады. Демек тараптар кешенді өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын