Жастар арасында қарқынды насихат қажет – ОСК

Жастар арасында қарқынды насихат қажет – ОСК

 

Жастардың саяси сауаттылығын арттыру шаралары жүйелі түрде өтсе дейміз. Себебі бұл олардың түрлі саяси науқандарға тек сайлаушы емес, болашақта үміткер ретінде де қатысуға мүмкіндігін ұлғайтады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен кездескен «Жас сайлаушылар клубының» мүшелері бүгін осындай ұсыныс білдірді.

Олар жастар арасында сайлау құқықтарының қарқынды жүргізілуі, өңірдегі азаматтардың саясатқа қызығушылығын оятып, ел ісіне ерте араласуларына септігін тигізетініне сенімді.