Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Ұлытау облысында жалғасты

Штаб мүшелері Жезқазған қалалық Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде жергілікті жұртшылықпен жүздесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 500-ге тарта адам қатысты. Сонымен қатар нан зауытында болып қызметкерлерімен әңгімелесті. Кездесу барысында кәсіпорын ұжымына Тоқаевтың бастамалары түсіндірілді. Бұдан соң республикалық штаб өкілдері мыс балқыту зауытына барды. Жұмысшылармен бетпе-бет кездесіп сайлауалды бағдарламаның мән-мағынасын айтып берді.

Ерлан Қошанов, Республикалық қоғамдық штабтың басшысы:

 - Ұлытау ұлтты ұйыстырған қасиетті мекен. Коалиция болып осы Ұлытауға келіп отырғанымыз да бірлікті көрсетеді. Егер біз бір болсақ біз барлық сын-қатердің барлығын жеңеміз. Ал ол үшін біз бір тудың астына жиналуымыз керек.