Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Алматы қаласына барды

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанымен Алматы қаласына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһар тұрғындарымен және штаб өкілдерімен кездесу өткізіп, сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Алматы кандидат барған 6-қала болды. Жиын барысында Салтанат Тұрсынбекова тұтынушылардың құқығын қорғау жайын сөз етті. Оның айтуынша, қазір қазақстандықтардың барлығы бірдей заңнаманыбіле бермейді.

Салтанат Тұрсынбекова, Президенттікке кандидат:

 - Қазақстандықтардың 35%-і тұтынушы құқығы бұзылса ешқайда жүгінбейді екен. Сауда орталықтарына, дүкендерге, базарларға, тамақтану орындарына барамыз. Осы мәселелерде тұтынушы ретінде құқықтарымыз қаншалықты қорғалған? Кәсіпкермен жанжал туындаған жағдайда қайда жүгінетінін білмейді.