Нұрлан Әуесбаев тығыз салынатын құрылыс туралы пікір білдірді

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев пен жақтастары Астанада тығыз құрылысқа байланысты жиын өткізді.

Оған қала тұрғындары мен “Жалпыұлттық социал-демократиялық” партиясының белсенділері қатысты. Әуелі оппозициялық партия өкілдері сөз сөйлеп, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Сонымен бірге ниет білдірушілер де пікірлерін ортаға салды. Кандидатқа сұрақ қойып, ұсыныстарын жеткізді. Нұрлан Әуесбаев осыған дейін елдің 6 аймағын аралап шықты.

Нұрлан Әуесбаев, президенттікке кандидат:

- Ауа райының суықтығына қарамастан, жел тұрып тұр суық аяз болып тұрса да мүмкінігінше жиналған халыққа рақмет айтқым келеді. Өйткені олар үлкен келелі мәселелерді көтерді. Біз осыған мұрындық болып, осы іс-шараны ұйымдастырдық. Халық жақсы жиналды, көптеген жақсы пікірлер айтылды.