Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

Ол жергілікті халықпен кездесуінде қазақтың көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевты еске алды. Жазушының туған өлкесін ерекше жақсы көргенін атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Маңғыстау облысы әрдайым менің де ерекше назарымда»,- деді Президент. Өңір халқы егемендік жылдары 2 есе өскен. Тоғыз жолдың торабында тұрған қазыналы өлкені жан-жақты өркендетуге толық мүмкіндік бар. Ең алдымен, өңдеу өнеркәсібі мен бизнес саласын дамыту қажет. Бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындар ашқан жөн. Бұл бағытта 2023-2026 жылдары 29 жоба қолға алынбақ. «Соның нәтижесінде 3 мың тұрақты жұмыс орны ашылады», - деді Мемлекет басшысы.