Қазақстан мен Түрікменстан сауда-саттықты ұлғайтты

Кейінгі 5 жылда Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы сауда-саттық 4 есе ұлғайды.

Былтыр екіжақты тауар айналым 28 пайызға артып, 563 млн долларға жеткен. Бұл межені таяу болашақта 1 млрд долларға дейін арттыру мақсаты қойылып отыр. Бұл жайында еліміздің Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түрікменстан министрлер кабинетінің төрағасы - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесу барысында айтты. Тараптар өңіраралық ынтымақтастық пен іскерлік байланыстарды дамытуға назар аударды. Экономикалық ықпалдастықты одан әрі тереңдету жолдарын қарастырды. Сауда-өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика салаларындағы бірқатар мәселе талқыланды. Бүгінде екіжақты сауда айналымын нығайту жөніндегі жұмыс тобы құрылып, қызметіне кіріскен. Мұрат Нұртілеу еліміз Түрікменстанмен үкіметаралық қарым-қатынастарды одан әрі бекіте түсуге мүдделі екенін де тілге тиек етті.

Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:

- Ауыл шаруашылығы саласында да жағымды өзгерістер бар. Былтырғы жылдың өзінде осы өніммдермен саудамыз 20 пайызға өсіп отыр. Азық түлік қауіпсіздігін нығайтудағы ортақ күш жігерді салу қажеттілігі де тараптарымыздың қолдауын тауып келді. Түрікмен бауырларымызға азық түлік қауіп жөн ислам ұйымына қосылуға өзімнің ұсынысымды бердім. Екі жақты мүдделілік танытып отырған көптеген мәселелер барын еске сала келе, Қазақстан тарапы Түрікменстанға өзінің инвестицияларын салуға дайын екенін тағы да сізге растағым келеді.