Тоқаев Түрікменстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады.

Мемлекет басшысы қазақ-түрікмен қатынасының қазіргі жай-күйіне оң баға берді. Екі ел арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығайып келе жатқанын айтты. Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедовке ізгі тілегін жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біз Түрікменстанды сенімді стратегиялық серіктес және тарихи тұрғыдан туыс мемлекет ретінде қарастырамыз. Шын мәнінде, соңғы жылдары елдеріміз арасындағы ынтымақтастық қарыштап дамып, соның ішінде экономиканың стратегиялық салалары тың қарқын алды.