Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Ақмола облысына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шортанды ауданы тұрғындарымен жолыққан оппозициялық партия өкілі сайлауалды бағдарламасына тоқталып, сайлаушылардың сөзіне құлақ түрді. Мұнда да ауылдың дамуы, жайылымдық жердің тапшылы айтылды. Өңірде ауызсу мәселесі әлі күнге дейін жөнді шешімін таппаған. Нұрлан Әуесбаев тұрғындардың сұрақтарына барынша жауап беруге тырысты. Ертең кандидатты ұсынған «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы науқан бойынша қорытынды жиын өткізеді.

Нұрлан Әуесбаев, Президенттікке кандидат:

 - Кездесуде ауыл тұрғындарының қойған негізгі сұрақтары – ауылдың мәселесі, су мәселесі, ауыл айналасындағы жайылымды жер мәселесі. Мемлекеттен бөлінген қаржылар қайда кетіп жатыр сияқты сұрақтарды қойды. Жалпы біз өзіміздің сайлауалды бағдарламамызға сәйкес барлық жерде кездесулер өткіздік.