Кезектен тыс Президент сайлауына 6 кандидат қатысады

Бүгінгі кезектен тыс Президент сайлауына 6 кандидат қатысады.

Атап айтқанда,  "Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы" ұсынған Қарақат Әбден, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан Нұрлан Әуесбаев, "Ауыл" партиясынан кандидат Жигули Дайрабаев,  "Аманат" кәсіподақтар бірлестігінен Мейрам Қажыкен мен  Парламенттегі билікшіл үш партия мен ондаған қоғамдық ұйым біріккен "халық" коалициясы ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаев бар. Сондай-ақ "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінен Салтанат Тұрсынбекова қатысады.