Солтүстік Қазақстан облысында 655 сайлау учаскесі ашылды

Сайлау барысы қалай өтіп жатыр?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

Біз қазір Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 6-оқу корпусында орналасқан 581-сайлау  учаскесінде тұрмыз. Комиссия мүшелері таңғы 07:00-ден бастап жұмыс істеп жатыр. Бүгін бұл жерде 1706 адам дауыс береді деп күтіліп отыр. Ал жүріп тұруы қиын адамдарға жылжымалы жәшіктер ұйымдастырылған. Олар өз таңдауын үйде жасайды.

Кеңес Мұқышев, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Қаламызда 94 часток бар. Оның 10-ы жабық. Өйткені мекемелерде жабық мекемелелерде орналасқан. Сайлаушылардың саны 161 мың 117 сайлаушы бар қала бойынша. Қазіргі уақытта комиссия мүшелері жұмысын атқарады. 734 адам жұмысын атқарады. Олар барлығы толықтай жұмысқа сайлауға қамтылған.

Тұрғылықты тіркеуі жоқ адамдар қалай дауыс береді? Оларға қаланың әр ауданында 5 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Комиссия мүшелері ондай тұрғындарды бір күнге тіркейді.