Қ.Тоқаев exit poll қорытындысымен танысты

Президенттіке кандидат Қасым Жомарт Тоқаев та республикалық қоғамдық штабта Exit poll-дың қорытындысымен танысты.

Exit poll-дың нәтижесі жарияланғаннан кейін республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ерекше тарихи науқан өткенін атап өтті. Мықты мемлекет құрамыз десек, ең алдымен, әділдік орнату қажет екенін, онсыз ешқандай да реформа болмайтынын айтты. Оның айтуынша, бәріміз бір ұлт, бір қоғам болып іске кірісуіміз қажет, – деді. Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне үлкен сенім артқаны үшін коалицияға ризашылығын білдірді.