ІТ-технологиялар Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастығының негізгі бағытына айналуы мүмкін

ІТ-технологиялар Қазақстан мен Корея экономикалық ынтымақтастығының негізгі бағытына айналуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Бұл туралы Сеулдегі экономикалық форумда сөз болды. Форумға Кореядағы ірі компаниялар мен бірлестіктердің басшылары қатысты. Жергілікті халықаралық экономикалық саясат институтындағылар Қазақстанға Ресейден мамандардың, технологиялардың және капиталдың ағылып жатқанын атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, бұл IT-технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа мүмкіндіктер ашады. Корея тәжірибесі қазақстандық индустрияны әртараптандыруға және дамытуға ықпал етеді деп санайды экономистер.

Чон Мин Хен, Корея халықаралық экономикалық саясат институтының сарапшысы:

- Қазақстанның Кореяға сирек және маңызды пайдалы қазбаларды жеткізуге мүмкіндігі мол. Азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан бидай импортын әртараптандыру қажет.