Мәжіліс медицинадағы кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруға қатысты заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, науқасқа келтірілген зиян үшін өтемақы төлеу процесін сақтандыру компаниясы жүргізеді. Төлемнен бас тартқан жағдайда, науқас сотқа жүгіне алады. Сақтандыру жарнасының көлемі қауіп дәрежесіне қарай бекітіледі. Осыған байланысты медицина қызметкерінің жауапкершілік дәрежесі де ескеріледі. Халықаралық тәжірибеде дәрігерлерді қоРғау үшін, қорлар мен қауымдастықтар құру және жеке нарықтар арқылы кәсіптік жауапкершілікте міндетті сақтандыру жүйесі қолданылады. Бұл міндет медицина қызметкерлеріне немесе денсаулық сақтау ұйымдарына жүктелген. Сақтан-дырудың оңтайлы тетігі ретінде Жапония, Германия, АҚШ және Түркия елдерінің үлгілері ұсынылып отыр. Дәрігер мен науқас арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеу жолы, іске асырылмақ.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Қазір барлық медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау қызметін ашып жатырмыз.  Осы модельге сәйкес пациенттерді қолдау қызметі шағымды қараудың арнайы комиссия, сарапшы мен мүдделі тараптарды тартып және медиация элементтерін қолданып жүзеге асыратын болатын. Бұл кезеңде мәселе медицицналық ұйымның өзінде де реттелуі мүмкін. Пациент қызметінің  немесе комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда шағым қорытынды беру үшін ленсаулық тақтау министрлігі медицицналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде қаралатын болады.