Мемлекет басшысы «Абай. Бауырлас халықтар мұрасы» атты көрмеге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкент қаласында өтіп жатқан «Абай. Бауырлас халықтар мұрасы» атты ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған көрмеге барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда Абай Құнанбайұлының шығармашылығындағы Әлішер Науаидың рөлі, өмірінің негізгі кезеңдері және ақын бейнеленген белгілі суретшілердің туындылары бар.

Сонымен қатар «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің 120-дан астам экспонаты қойылған.