Конституциялық сот судьялары тағайындалды

Қанат Мусин, Еркін Оңғарбаев және Сергей Ударцев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановтың ұсынысы Палатаның жалпы отырысында бірауыздан қолдау тапты. Ерлан Қошанов ұсынылған кандидаттар заң және құқықтық салада, көп жыл еңбек еткен білікті және тәжірибелі мамандар екенін атап өтті.