Қ.Тоқаев Рим Папасы Бенедикт XVI қазасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Рим Папасы Францискке көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ол өзінің жеделхатында Рим Папасы Бенедикт Он алтыншының өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді. Сондай-ақ оның жарқын бейнесі әлем жұртшылығының жадында мәңгі сақталатынын атап айтты.