Экология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
2023 жылғы 02 қаңтар
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 3) тармақшасына сəйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жəне оның тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын молықтыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігіне беріле отырып, Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі болып қайта ұйымдастырылсын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігімен келісім бойынша мемлекеттік органдардың жəне оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлуді;
2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
- Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі берілетін функциялар мен өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің құқықтары мен міндеттемелерінің мирасқоры болып айқындалсын.
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі».
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 2 қаңтар
№ 80