Зульфия Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Зүлфия Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды.

Ал министрлікті бұған дейін басқарған Серікқали Брекешев қызметінен босатылды. Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының ғылыми қызметкері болып бастаған. Былтырғы жылдың 14 наурызынан бері Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарып келді.