Бас прокурор: Қару қолдану Президент пәрменінен бұрын қолданылды

Қаңтар оқиғасы кезінде күштік құрылымдар қаруды 5 қаңтардан бастап қолданды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді. Сондай-ақ алаңға жиналғандарға қару ату Президенттің пәрменіне дейін басталған. «Қылмыскерлерге оқ ату үшін күштік құрылымдарға арнайы бұйрық қажет емес» деді Бас прокурор Берік Асылов. Мәлімет бойынша, негізінен жауынгерлік қару бірінші рет Алматыдағы Президент Резиденциясын қорғау кезінде – 5 қаңтар күні сағат 16:00 шамасында қолданылған. Кейін қалаларды қарулы содырлардан «тазалау» кезінде пайдаланылды.