Президент Жанат Элимановты қабылдады

Елімізде бизнестің қылмыстық процеске қатысы азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейінгі 4 жылда тіркелген істер саны 2 есе кеміген. Бұл туралы Мемлекет басшысына Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов баяндады. Оның айтуынша, жалған шот-фактуралар жазып салық төлеуден жалтаруға жағдай жасайтын 1000-нан астам фирманың қызметі тоқтатылды. Сондай-ақ былтыр қаржы алаяқтарын жарнамалайтын 13 мың веб-парақша мен аккаунт бұғатталды. 29 қаржы пирамидасының жолы кесіліп, зардап шеккен азаматтарға 8,3 миллиард теңге қайтарылды. Кездесу барысында мемлекет басшысы адал бизнесті қорғап,  қаржылық және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды.