Еліміздің барлық өңірінде «Ел дамуындағы әйелдердің ролі» форумы өтті
"AMANAT" партиясының қолдауымен Қазақстанның барлық өңірінде «Ел дамуындағы әйелдердің рөлі» форумы өтті.
Келелі кеңесте ауылдағы аналардың жағдайы мен заманауи қоғамдағы нәзік жандылардың рөлі талқыланды. Жиынға қатысушылардың айтуынша, әйел — қоғамның ұйытқысы ғана емес, әр саланы серпілтуге қабілетті білікті маман бола алады. Тек ол үшін жан-жақты қолдау қажет. Сондай-ақ гендерлік теңдікке кедергі келтіретін өзекті мәселелерді шешу маңызды. Форумда спикерлер осы түйіткілдердің шешу жолдарын ұсынды. Жалпы, диологқа ел алдында жүрген белгілі қайраткерлер, кәсіпкерлер, көпбалалы аналар қатысты.
Жұлдыз Қожабекова, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты:
- Бұрын қазақ қоғамында әйел үй шаруашылығын жүргізіп, бала тәрбиесімен айналысуы керек деп есептелсе, бүгінде қыз-келіншектер жан-жақты дамып, бизнеспен айналыса алады. Саяси реформаларға қатысады. Осы форум – соның жарқын дәлелі.