Алдағы саяси науқанға Маңғыстау өңірі дайын
Алдағы саяси науқанға Маңғыстау өңірі дайын.
Шалғай облыста 3 кандидат тіркелді. Екі мемлекеттік қызметкер және жеке кәсіпкер. Қазір олар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бастапқыда Сенат депутаты болуға 7 адам ниет білдірді. Алайда, құжаттарын толық тапсырмағандар мен сайлау жарнамасын төлемегендер тізімнен шығып қалды.
Айта кетейік, сайлау күні барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірлескен мәжілісі өтеді. Содан соң дауыс беру басталады. Барлығы 127 депутат таңдау жасайды.
Жармағанбет Айтуаров, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
- Кәдімгі сайлаудағыдай осы жерден бюллетеньдерін алады. Дауыс береді мынадай жабық кабинада. 100 пайыз дайынбыз деп айтуымызға толықтай мүмкіндік бар. Барлық біздің сайлау процесі ашық. Бақылаушылар да, БАҚ өкілдері де, сайлауға түсіп жатқан үміткерлердің сенімді өкілдеріің де қатысуға толық құқығы бар.