Елбасы туралы заң күшін жойды
Елдің тұңғыш президентінде енді Елбасы деген статус болмайды.
Конституциялық заңның күшiн жою мәселесі бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында екінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасын мәжіліс пен сенаттың депутаттары бір ауыздан колдады. Енді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойса, осы заңмен байланысты бар тағы 20-ға жуық заңға өзгеріс енгізіледі. Яғни тұңғыш президенттің отбасы мүшелеріне артықшылық беретін ережелердің барлығы жойылады. Нұрсұлтан Назарбаевтың тек ел президенті ретінде құқықтары сақталады.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Заңмен көрсетілген шеңберде барлық экс президентке тән қасиеттерге, нормаларға басқасына ие болады. Қалғанының барлығында сіз бен біз сияқты өмір сүретін болады.
Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:
-Президент туралы Конституциялық заңда тек қана экс президенттің өзіне көзделген кепілдіктер. Отбасы мүшелеріне тұратын, тұрмайтын қатысы жоқ. Заңнама шеңберінде президент өклеттіктерін атқарған кезде тек қана мемлекеттік опасыздық жасаған жағдайда ғана жауапқа тартылады.