Ақтөбеде дауыс беру басталды. LIVE
Дәл қазір Ақтөбеде де сайлау жүріп жатыр. Дауыс беру рәсімі қаладағы «Өнер орталығында» өтуде. Мұнда жиналған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары өз таңдауын жасауға кірісті. Ал облыс бойынша 3 кандидат Парламент Сенатының депутаттығына үміткер ретінде тіркелген.
Әнуарбек Мырзатайұлы, тілші:
- Дәл қазір Ақтөбеде сайлаудың басталғалы жатыр. Бүгінгі науқан барысында облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі мәслихаттардың 192 депутаты дауыс беруі тиіс. Олардың барлығы мұнда жиналған соң, сайлау комиссиясының мүшелері тіркеуге алды.
Жалпы мұнда сайлау өткізу процесі осыдан бір сағат бұрын басталды. Алдымен тиісті ереже сай кандидаттардың сенімді өкілдері, байқаушылар, БАҚ қызметкерлері тіркеуден өтті. Кабиналар және бюллетень салатын жәшіктер көрсетіліп, тексерілді. Маңызды науқанның өтуі үшін барлық жағдайдың жасалғаны айтылды. Кейін таңдау жасаушылардың бірлескен отырысы өтіп, сайлауды өткізудің негізгі тетіктері түсіндірілді. Содан кейін дауыс беру басталды.
Айта кетейік, ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде 5 азаматтан өтініш түскен. Алайда тиісті талаптан өткендердің саны – үшеу. Үміткерлерге дауыс берудің тәртібі туралы біз облыстық сайлау комиссиясының төрағасынан білген едік.
Нұрлыбек Жүсіпов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Бүгінгі күнде бізде 3 үміткер тіркеліп тұр. Соңында, қорытындысы болған уақытта жиналыс өткізілген залда бюллетендерді санаймыз. Қай кандидат көп дауыс жинайды және барлық таңдаушылардың 50%-нен жоғары жинаған депутат Сенатқа бір орынға депутат болып сайланады.