Жамбыл облысында 179 депутат дауыс берді. LIVE

Сенат депутаттарын сайлауға Жамбыл облысынан 204 таңдаушының 179-ы дауыс берді. Яғни саяси науқанға өңір депутаттарының 88%-і келген. Сайлау қазір Тараздағы Баласағұн орталық концерт залы ғимаратында өтті.

Мерей Бает, тілші:

- Бұған дейін тіркелген 5 үміткердің үшеуі өз еркімен бас тартты. Науқанға үміткер ретінде 46 жастағы аудан әкімі мен 36 жастағы білім мекемесің директоры қатысты. Айта кетерлігі, сайлау процесінде медициналық қауіпсіздік шаралары сақталды. Дауыс беру үшін облыстың барлық ауданынан мәслихат депутаттары келіп тілкелді. Алдымен облыстық сайлау коммисиясы мен таңдаушылардың біріккен отырысы өтті. Одан соң жалпы жиынға қатысты. Сағат 11:00-де таңдаушылар өз үміткеріне дауыс беріп бастаған болатын. Қазіргі сәтте мәслихат депутаттары өздерінің таңдауын жасап қойды.

Серғали Айдапкелов, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Бүгінгі сайлауды ұйымдастыру барысында қоғамдық ұйымдардан байқаушылардың тарапынан, болмаса мемлекеттік органдардың тарапынан ешқандай заң бұзушылық туралы арыз-шағым түскен жоқ. Сондықтан бәрі заңды түрде өтті деп ойлаймын. Сайлау коммисиясы бюллетеньдерді санау процесін аяқтады. Қазір арнайы құжаттар толтырылып жатыр.

Мерей Бает, тілші:

- Қазір саяси науқанды қортындылау үшін депутаттар мен сайлау коммисиясы жалпы жиынға кіріп кетті. Ұйымдастырушалар 14:00-ге дейін сайлау қортындысын ресми түрде жариялайды. Ол жайында тағы ақпарат беретін боламыз.