Абай облысында 108 депутат дауыс берді. LIVE
Өңірдегі сайлау барысы турасында.
Азамат Қасым, тілші:
- Біз қазір Семейдегі Абай атындағы облыстық кітапханада тұрмыз. Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына Абай облысынан 3 кандидат түсті. Аумақтың сайлау комиссиясының мәліметінше, үміткердің үшеуі де өзін-өзі ұсынған. Семейде дауыс беру сағат 11-де басталды.
Әсет Ерғазин, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
- Қазіргі таңда Абай облысы бойынша депутаттардың саны – 123. Сайлауға қатысқандары – 108. 15 депутат әртүрлі себеппен қатыса алмады. Қазір есеп болып жатыр. 108 депутаттың бәрі дауыс берді. Ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ.
Азамат Қасым, тілші:
- Сайлау барысын 3 байқаушы бақылады. Қазір Абай облысында дауыс беру аяқталды. Өңірдің облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарының 108 депутаты өз таңдауын жасады. Ал енді Абай облысынан кімнің сенатор болатын сәлден соң белгілі болады.