Қазақстан мен Франция арасындағы құқықтық көмек артады
Францияның тергеу органдары Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаражат пен мүлікті тәркілеп, елге қайтаруға қолғабыс етеді.
Осылайша екі ел арасындағы өзара құқықтық көмек артады. Бүгін Мәжіліс тиісті келісімді ратификациялады. Бұдан былай екі ел қылмыстық заң бұзушылықтарға қатысты өзара көмек көрсетуге міндеттеледі.
Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Әртүрлі сарапшылар Қазақстаннан шетелге заңсыз кеткен капиталдың сомасы 150 млрд-тан асады дейді. Францияда Қазақстан халқына тиесілі капитал табылатын болса, сол капиталды осы келісімшартың аясында Қазақстанға қайтарудың тетіктері барма?
Әсет Шындалиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
- Сұрау салу арқылы неғылады ғой екі жақтан. Бұл келісімшартта көрсетілген. Мысалы біз қылмыспен тапқан ақшаны Францияға кеткенін көрсек, сол францияға сұрау салып, олардың тергеу органдары сол банк шоттарын анықтап, бізге ақпарат береді. Не болмаса біздің сұрауымызбен оған арест қояды. Шектеу қояды. Керек болса тәркілеу амалдарын жүргізеді.