Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді.
Жиында Комиссияның 2022 жылы атқарған қызметі қорытындыланды. Комиссия жұмысының басты нәтижесі ретінде саяси қуғын-сүргін тарихына арналған 31 томдық жинақтың жарық көргенін айтуға болады. Отырыс барысында еңбекті дайындаған авторлардың қатысуымен көптомдықтың тұсаукесер рәсімі өтті. Кітаптар саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты бұрын жарияланбаған архив құжаттары мен материалдардан құралған.