Бүгіннен бастап «Respublica» партиясы ресми тіркелді
Бүгіннен бастап «Respublica» партиясы ресми тіркелді. Бұл туралы ҚР Әділет минстрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Тіркеуге 2022 жылғы 3 желтоқсанда өткізілген саяси партия құру туралы құрылтай съезі, сондай-ақ «Саяси партиялар туралы» Заңның 6-10-баптарында көрсетілген құжаттар негіз болды. Тіркеуге ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексерілді және тіркеу талаптарына сай деп танылды.» делінген хабарламада. Айта кету керек, бұл еліміздегі 7-ші саяси партия болып отыр.