Әзербайжан мен Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытын арттыруға күш салып жатыр
Әр тарап өзінің транзиттік инфрақұрылымының өткізу әлеуетін ұлғайтуға ниетті.
Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалы артады. Сондықтан Қазақстаннан Еуропаға жүктерді экспорттау легін қайта жоспарлау өзекті болып отыр. Былтыр бұл бағытпен қазақстандық тауарлардың экспортының тасымалы 6,5 есе өсті. Жалпы дәліз арқылы жүкті ауыстырып тиеу 41%-ке артты. Әзербайжан арқылы Қазақстан мұнайын экспорттау көлемі де өсті.
Фархад Мамедов, Оңтүстік Кавказды зерттеу орталығының басшысы:
- Қазір Әзербайжан мен Қазақстанның екіжақты және көпжақты форматта осы бағыттағы мүмкіндіктерді арттыру үшін бірлесіп әрекет етуге қолайлы жағдай туып отыр. Сондықтан қос елдің басшыларының кездесуінде де дәл осы Транскаспий халықаралық көлік дәлізін кеңейту мәселесі талқыланды. Қазастанның халықаралық нарыққа өнімдерін жеткізуде өз талап-тілектері бар.
"Сұраныс артқан сайын тасымалдау уақыты өзгереді және тауар құнының өсуіне әсер етеді", - дейді сарапшылар. Сондықтан тараптар логистикалық инфрақұлымының мүмкіндіктерін кеңейтуге ниетті.
Фархад Мамедов, Оңтүстік Кавказды зерттеу орталығының басшысы:
- Басты мақсат - көлік-логистикалық жобаларды жүзеге асыруға кедергі келтіретін бюрократияны азайту. Порттық инфрақұрылым мен терминалды кеңейту бойынша бірлескен жобаларды қолға алу керек. Қауіпсіздік, жылдамдық және бағаны ескеру керек. Осы тұрғыдан алғанда қос ел бірлесіп әрекет етіп жатыр. Осындай ынтымақтастықтың арқасында былтыр жүк тасымадлы 5-6 есе өсті. Келешекте Қазақстан мен Әзербайжан арқылы әлем нарығына жеткізілетін жүк көлемі бұдан да еселейді деп болжап отырмыз.
Тараптар Әзербайжан Баку-Тбилиси-Карс теміржолының өткізу әлеуетін жылына 5 млн тоннаға дейін ұлғайту үшін 100 миллион доллар қаржы бөлуге дайын. Қазақстан да мұнай өнімдері мен өзге де тауарларды тасымалдау үшін Каспийдегі кемелерді көбейтуді көздеп отыр.
Авторы: Айгюн Гасан