VII шақырылым депутаттары 264 заң жобасын қарады

Мәжілістің 7-ші шақырылым депутаттары ұзын саны 264 заң жобасын қарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың көпшілігі мақұлданып, Сенатқа жолданды. Президент 188 заңға қол қойды.

Ерлан Саиров, ҚР Парламент Мәжілісі жетінші шақырылымының депутаты:

- Дұрыс, логикалық шешім. Өткен жылы біздің елімізде Конституциялық реформа болды. Ол реформа бойынша осы Парламент институты және мәслихаттар институты үлкен трансформацияға ұшырады. Яғни, жергілікті мәслихаттар халықтың тікелей сайлауымен сайланады. Облыстық мәслихаттар халықтың тікелей сайлауымен және 50%-і партиялық тізім бойынша болады. Ең негізгісі, Мәжіліске бір мандаттық округтен сайланған кандидаттар келеді. Бұның барлығы біздің еліміздегі осы Парламент институтын трансформациялайды. Яғни, Президент осы өзінің саяси реформаларының тағы бір тармағы – Парламент институтын халыққа жақындатудың бағыт-бағдарын жасап отыр. Сондықтан бұл – дұрыс, логикалық қадам.