Аманжол Әлтаев: Жаңа Қазақстанның қалыптасуына сәтті қадам жасалды

Жаңа Қазақстанның қалыптасуына сәтті қадамдар жасалды. Қазір еліміз тарихи, күрделі кезеңді өткеріп жатыр.

Президенттің Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттарды тарату туралы Жарлығы бірнеше топтамадан тұратын саяси реформаның заңды жалғасы. "Күшті Президент, ықпалды Парламент, халыққа есеп беретін Үкімет" қағидасы іске асып келеді", - дейді VII шақырылым депутаты Аманжол Әлтай.

Аманжол Әлтай, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты: 

- Жаңа Қазақстанның қалыптасуының алғашқы сәтті қадамдары жасалды. Президенттің осы әрбір шешімі жаңа қадамдары, саяси реформалары соның басы-қасында әріптестеріммен бірге соның жаңа заңдарды, маңызды заңдарды мемлекетіміздің дамуы үшін маңызды заңдарды қабылдауда солармен бірге үлкен істің басында болғаныма өзімді біріншіден жауапкершілік, екіншіден сол маңызды істің басында болғаныма қуаныштымын.