Жұлдыз Сүлейменова: Қазіргі саяси реформалар мемлекеттің жаңа келбетін қалыптастырады

"Қазіргі саяси реформалар мемлекеттің жаңа келбетін қалыптастырады. Президенттің Парламентті тарату туралы Жарлығы билік тармағын толыққанды жаңғыртуға бағытталған сәтті қадамның бірі", - дейді бұрынғы депутат Жұлдыз Сүлейменова.

Енді қоғам алдына жаңа саясаткерлер мен партиялар шығады. Бұл елдегі саяси бәсекелестікке жол ашып, заң шығарушы органға талапты күшейтеді. Жалпы жұрттың белсенділігі артады.  

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты:

- Бұл елімізде жүзеге асырылыған құқықтық саяси реформаның логикалық жалғасы. Біз халықтың бел ортасында болдық, халықтың үнін үкіметке жеткіздік. Осы үкіметке жеткен үннің негізінде көп әлеуметтік мәселелер, мәдени-білім саласындағы мәселелер түбегейлі негізде шешімін табуда. Жалпы саяси үдеріс бізде қалыптасқан. Қазіргі таңда даму үстіндегі саяси реформалар бұл қазақ ұлтының жаңа келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.