Мәжіліс пен мәслихат депутаттары бір күнде сайланады

Мәслихат пен мәжіліс депутаттарын сайлау, бір күнде яғни 19-шы наурызда өтеді.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының ұсынысы бар қаулы, бүгін қабылданды. «Сайлау туралы конституциялық заңның нормаларына сәйкес, өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын, Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды және бұл саяси дода мәслихаттар өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап, екі айдан кешіктірілмей өткізілуі тиіс. Осылайша, Президент жарлығына сәйкес, бүгінгі күннен бастап Мәжіліс пен мәслихаттардың депутаттарын сайлау науқаны басталды», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров. Мәжіліске, 98 депутат сайланады. Олардың 69-ы партиялық тізім бойынша, ал 29 депутат, бір-мандаттық, аумақтық округтер бойынша сайлауға түседі.