«Байтақ» партиясы сайлауға қатысады
Бұл туралы партия төрағасы Азамат-хан Әміртай фейсбук парақшасында жазды.
«Жаңа Қазақстанға жаңа депутаттармен, жаңа партиялардың саясатқа араласуымен барған жөн». Елімізде тіркелген 7 партия, сайлау додасына түспек. Осы орайда біз Байтақтықтар да парламентке өтуге тырыспақпыз. Экология мәселелерін Парламент мінберінен көтермек ойдамыз» делінген жазбасында. Жасылдар партиясы саяси науқанға дайындықты бастап кеткенін хабарлады.
Азаматхан Әміртай, «Байтақ» партиясының төрағасы:
- Мақсатымыз, әр өңірден дарынды азаматтарды тауып, солардың осы сайлауға қатысуын қалап отырмыз. бұл бағытта біз жұмысты бастап кеттік. Біз әр өңірдегі бөлімшелеріміз еліме қызмет етемін деген азаматтарды белсенділерді қарап, олармен жұмыс жасап жатыр.