«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев мәлімдеме жасады

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы парламенттің төменгі палатасы мен мәслихаттарға сайлау өткізуді құптайды.

Партия төрағасының айтуынша, «Ауылды дамыту, ауыл шаруашылығын өркендету біздің мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі болып есептеледі. Бұл ретте «Ауыл» партиясының ауылдық аумақтарды дамыту концепциясына қосатын өзінің ұсыныстары бар», - деді Әли Бектаев. Әрі ол Қазақстанда партиялық өрістің кеңейгені мен саяси күштер арасындағы бәсекелестіктің дамып келе жатқандығы - бізді қорқытпайды, керісінше, ынталандыра түседі деп сөзін түйіндеді.

Әли Бектаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы:

- «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы өз қатарында тек ауыл шаруашылығы қызметкерлерін ғана емес, жалпы ауылға жанашыр азаматтардың көпшілігін біріктіреді. Сондықтан «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы парламенттің төменгі палатасы мен мәслихаттарға сайлау өткізуді құптайды.Сондықтан біз жаңа сайлау циклінде адал және ашық күреске дайынбыз.