Сенат төрағасы Қырғызстанға ресми сапармен барды

2 күндік шара барысында Мәулен Әшімбаев қазақ-қырғыз зиялыларының VII форумына қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ ресми Бішкек тарапымен бірқатар екіжақты кездесулер өтеді.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың ресми сапары «Ата-Бейіт» мемориалдық кешенінен басталды. 1916 жылғы қайғылы оқиғалардың құрбандарына құрмет көрсеткен қазақстандық депутаттар гүл қойды. Әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовты еске алу рәсіміне қатысты. Содан кейін жоғары деңгейдегі келіссөздерге кезек келді. Мәулен Әшімбаев қырғыз әріптесі Жогорку Кенеш спикері Нұрланбек Шакиевпен кездесті. Жүздесуде парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту және мемлекетаралық байланысты нығайту мәселесі сөз болды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- (жіберген соң, енгіземін, қазақша сөйлеген)

Жогорку Кенеш спикері Нұрланбек Шәкиев Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады. Орайы келгенде Мәулен Әшімбаевқа парламентаралық ынтымақтастықты қалыптастыру бойынша бірлескен жұмысы үшін алғыс білдірді. Диалогты жан-жақты кеңейтуге дайын екенін айтты.

Нұрланбек Шәкиев, Қырғызстанның Жогорку Кенеш спикері:

-  Қырғыз-қазақ экономикалық ынтымақтастығының мақсаттарын айқындады. Біздің әлеуетіміз жоғары және оны жүзеге асыруға тырысамыз. 2 елдің Үкіметтері сауда қатынасын кеңейту үшін жұмыс істейді. Ынтымақтастық жөніндегі екіжақты комиссияның жуырда өткен отырысында объективті көрсеткіш жарияланды. 2024 жылы бірлескен тауар айналымын 2 млрд долларға жеткізу міндеті тұр.

Келелі кездесуде білім және ғылым тақырыбы да талқыланды. Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын Қырғызстан азаматтары үшін квота саны ұлғаяды. Сонымен қатар Бішкекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылатын болды. Гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл ертең Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналған қазақ-қырғыз зиялыларының форумында талқыға түспек. Маңызды шараға дейін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жазушының үйі мен мұражайына барып, құрмет көрсетіп қайтты. 

Авторлары: Сымбат Ғалымжанқызы, Бақыт Чермашев.