Көмір жеткізудің жаңа тетігі әзірленеді

Премьер-министр Әлихан Смайылов «Еуразиялық топ», «Қазақстан темір жолы» және «QazaqGaz» компанияларының басшыларымен кездесті.

Кеңеске сондай-ақ Қаржы, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлері қатысты. Тараптар тау-кен металлургия саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда ел аумағында "Еуразиялық топтың" газ саласында жаңа инвестициялық жобаларын іске қосу жоспарлары, теміржол инфрақұрылымын дамыту жайы сөз болды. Ішкі нарықты, әсіресе шалғайдағы елді мекендерді көмірмен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Әлихан Смайылов: "Өңір тұрғындары мен әлеуметтік нысандарға көмірді делдалсыз, өндіру орындарынан тікелей жеткізудің жаңа тетігін пысықтау қажет", - деді. Кеңес барысында сондай-ақ қазақ және өзбек инвесторларының қатысуымен бірлескен кәсіпорын құру жайы талқыланды.