Аралас сайлау Парламенттегі пікірталасты жандандырады

Аралас сайлау Парламенттегі пікірталасты жандандырып саяси бәсекелестікті арттыра түседі. Бірақ үгіт-насихат басталмай тұрып жергілікті жерлерден сайлауға түсетін адами капиталға назар аударылуға тиіс. Бұл сайланатын көшбасшының жоспары мен қоғамдық мүддесін айшықтап алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, партиялар да, кандидаттар да саяси платформаларын жұртқа қарапайым әрі түсінікті тілмен жария етуі қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Ұлттық сараптама алаңында талқыланды. Жиынға саяси партиялардың өкілдері, сарапшылар, ғалымдар, әлеуметтанушылар мен халықаралық қауымдастықтардың мүшелері қатысты.

Ермек Тоқтаров, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ саяси зерттеулер бөлімінің басшысы:

- Үгіт-насихат басталғанша жергілікті көшбасшылар, олардың адами капиталына назар аударуымыз керек. Қандай адамдар депутат болады. Сайланады. Олар қандай сұрақтарды көтереді. Тіпті этикалық-моральді тұрғыдан басқа азаматтардың мүдделерін қорғап, оны да қарауымыз керек. өйткені бұл мандаттың ерекшелігі адамдар азаматтар, сайлаушылар оны қайтарып алуға мүмкіндігі бар. Сондықтан бұл өте маңызды.