Судья әдебі кодексі жаңғыртылады

Соттарға қоғамдық сенімді нығайту. Сот жүйесін жаңғырту және сот реформаларын жүзеге асыруды сапалы жүргізу. Астанада Судьялар Одағының және Америка құрама штаттарының заңгерлер қауымдастығы өкілдерінің ұйымдастыруымен Судья әдебі кодексінің жобасы талқыланды.

Жиынға республикалық адвокаттар алқасының, сондай-ақ әр өңірден жұмыс тобының өкілдері, отандық және халықаралық сарапшылар қатысты. Судья әдебі кодексіне жаңа этикалық стандарттар енгізу бойынша ұсыныстар талқыланды. Бұл олардың әдебіне оң ықпал етіп, қоғам тарапынан сот жүйесіне деген сенімді нығайтады, - дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, судьялардың әдеп кодексі елімізде 2016 жылы қабылданған болатын.

Думан Мәуленов, Жамбыл облысы Мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотының төрағасы:

- Бұған дейін қабылданған біздің қызмет етуше кодекске қатысты тек қана судьялардың өзінен ғана емес, ішкі құрылымда ғана емес, адвокаттар алқасы, қоғам мүшелері тарапынан белгілі бір сын-есркетпелер болды. сондықтан бүгінгі жиынның мақсаты осы кодекстегі олқылықтарды жойып, жаңа кодекс қабылдап және жаңа талаптарды белгілеу. Бұған дейін жіберілген кемшіліктер бойынша түзету жұмыстарын жүргізу. 

Айдын Бекебаев, республикалық Адвокаттар алқасының төрағасы:

- Біз адвокат болсақ та, ойымыз, пікіріміз бар. Өйткені бәріміз бір заңгерміз ғой. Сот болды ма, судья болды ма, адвокат болды ма, бәріміздің миссиямыз бір. Бәріміз құқыққа, заңға қызмет етеміз. Бізде сот түзелуіне, сот реформасының жұмыс жасалуына ықпал еткіміз келеді. Өйткені мықтылығы сол, нәтижелі жұмысына осы соттың тәуелсіз, әділ болғанына тікелей байланысты.