Қ. Тоқаев Мырзатай ауылындағы құс фабрикасына барды
Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы Мырзатай ауылындағы ірі кәсіпорын – «Әулие-ата Феникс» құс фабрикасына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Голланд технологиясымен 1 млн балапан өсіретін құс фабрикасында 250-ге жуық ауыл тұрғыны жұмыс істейді. Кәсіпорын жыл сайын 8 мың тонна бройлер етін өндіреді, өнімін ішкі нарыққа және Ресей мен Қырғызстанға экспорттап отыр. Биыл құс фабрикасының өндірістік қуатын 12 мың тоннаға дейін арттыру үшін қосымша 6 нысан салу жоспарланып отыр.