Respublica партиясының кезектен тыс І съезі өтті
Respublica партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізіміне 29 адам бекітілді. Оның 25-і партиялық тізіммен болса, төртеуі бір мандатты округтер бойынша еніп отыр. Бұл туралы саяси ұйымның кезектен тыс бірінші съезінде мәлім болды.
Ал мәслихаттарға әзірге 50 адам баруға ниетті. Бұл сан әлі де өсуі мүмкін. Жиында Respublica өкілдері сайлауалды бағдарламаны да талқылады.
Айдарбек Ходжаназаров, Respublica партиясының төрағасы:
- Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам адам тіркелді. Бірақ бұл сан күнде ауысады. Осы мүшелікке күн сайын 200-300 адам қосылады. Respublica партиясы адами капиталға басымдық береді. Себебі адами капитал – біздің еліміздің ең үлкен байлығы. Адами капитал туралы айтып кетсек, біріншіден, ол, әрине, білім саласы, денсаулық саласы.