«Байтақ» партиясы Орталық сайлау комиссиясына кандидаттардың құжатын тапсырды

Саяси ұйым алдағы додаға партиялық тізім бойынша 18, мажоритарлық жүйе бойынша 4 кандидатты ұсынып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында әйелдер квотасы бойынша 4, жастар квотасымен 1 және мүгедектігі бойынша 1 үміткер бар. Бұған дейін бұл партия барлық өңірдегі мәслихат депутаттары сайлауына қатысатынын хабарлаған.

Азаматхан Әміртай, «Байтақ» партиясының төрағасы:

- Бұл сайлауға бізде ұйымдастыру жағынан алдын ала дайындық болды. Кандитаттар 18, басында көп болды Біз үміткерлеріміздің, бірінші, сапасы, дайындығы мен мүмкіндігін қарастыра отырып, 18 үміткерге тоқталдық. Және 4-еуі можариатрлық жүйемен қатысады.