Орталық Азия елдері өзара ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтеріле алады

Саяси сарапшы Никита Шаталов осындай пікірде.

Оның айтуынша, мемлекеттердің тек экономикалық емес, саяси мәселелер бойынша да бірлігін күшейтуге мүмкіндігі бар. Күн тәртібінің ауқымы кең. Ол ортақ мүдделер мен бағдарламаларды, сондай-ақ визалық режимдермен қатар басқа да заңнамалық жұмыстарды үйлестіруге бағытталған.

Никита Шаталов, саяси сарапшы:

- Біздің мәселелеріміз қандай? Мысалы, Өзбекстан Республикасымен энергетикалық кешендегі ынтымақтастықты арттыруымыз абзал. Себебі оларға газ бен мұнай керек. Ал өңдеу өнеркәсібі – көпшілікті алаңдататын маңызды мәселелердің бірі. Орталық Азия елдерінің өнеркәсібі біздің елге қарағанда ілгері дамыған. Бірақ ол елдерде ауыл шаруашылығының әлеуеті бізден жоғары. Міне, осындай экономикалық мәселелер қазір өзекті болып тұр.