ОСК: Respublica партиясы құжаттарын өткізді
19 наурызда өтетін кезектен тыс сайлауға қатысу үшін Respublica партиясы да Орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын өткізді.
Партия атынан сайлауға 25 кандидат түспек. 4 үміткер бірмандатты сайлау жүйесі бойынша бақ сынайды. Оның ішінде 17 ер, және 8 әйел адам бар. Кандидаттардың орта жасы – 38. Үміткерлердің үлкені 51 жаста болса, ең кішісі 25-те. Бұл туралы Respublica партиясының сайлауалды штабының басшысы Олжас Құспеков айтты.
Олжас Құспеков, Respublica партиясының сайлауалды штабының басшысы:
- Respublica партиясының Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің арасында ең кіші жас көрсеткіші 25, ең үлкен жас көрсеткіші - 51. Төрт адам бірмандаттың округ бойынша кандидаттыққа ұсынылды. Екі ер және екі әйел адам.